Құрметті мырзалар мен ханымдар.

Атырау облысы, Махамбет ауданының ресми сайтында Сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын.
Махамбет–көне шежірені қойнауына түйген өлке ретінде Республикаға танылған, 80 жылдан астам тарихы бар аудан. Егемендік жылдарында елдің алтын бесігі – ауылдың тыныс-тіршілігі мен тұрмысы, Ару Ақжайықтың бойындағы ежелгі ата кәсіп-мал мен егін шаруашылығы өсіп-өркендеп, нарықтық қатынастың жаңа көрінісі-шағын және орта бизнес қанат жаюда. Мемлекеттік деңгейдегі шаралар кеңінен қолға алынып жатқан аграрлы бағыттағы ауданның айтарлықтай жетістіктері осы сайтта көрініс тапқан.
Махамбет ауданының облыс орталығына жақын және Еуропа мен Азия континенттерін бөліп жатқан Жайық өзенінің бойына орналасуы, Ұлы Жібек жолы бойындағы орта ғасырлық көне Сарайшық қалашығы орнының болуы шағын және орта кәсіпкерлікті, туризмді дамыту үшін тартымды болуда. Ауданның экономикасын көтеруде аса маңызды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып,индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес жаңа жобалар, заманауи технологиялар іске қосылуда. Ауданның мемлекеттік атқарушы органдары халықпен бірге біте қайнасып, тұрғындар мүддесі үшін қызмет етуде. Бұл сайтқа ену арқылы сіздер ауданымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы толық ақпарат ала аласыздар. Бүгінгі таңда халықтың еркін ақпарат алуын қамтамасыз ету демократиялық, зайырлы қоғамның міндеті болып табылады.
Осы тұрғыда ашылып отырған Махамбет ауданы әкімдігінің сайты-тұрғындармен бірлесіп жұмыс жасауға, қалың көпшіліктің ұсыныстарын ескере отырып, оң шешімдер қабылдауға, сайып келгенде ауданымыздың жан-жақты дамуына қызмет етеді деп сенім білдіремін. Аудан жөніндегі ақпараттар жиынтығы әрдайым толықтырылып және жаңартылып отырылады.
Сапалы, мазмұнды ақпараттық кезеңге өту-әлемдік дамудың жарқын жолы.
Құрметпен,
Махамбет ауданының әкімі Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы





